25 сәуір – Қазақстанның еуропалық футбол отбасына қосылған күні!
Бүгін еліміздің футбол қауымдастығы ерекше күнді атап өтуде – Қазақстанның еуропалық футбол отбасына қосылған күнін. 2002 жылғы 25 сәуірде Стокгольм қаласында өткен УЕФА-ның 26-шы Конгресінде еліміз Еуропа футбол қауымдастықтары одағына (УЕФА) ресми түрде мүше болып қабылданды.
Осы күннен бастап Қазақстан футболының даму тарихында жаңа кезең басталды. Өткен жылдар ішінде отандық футбол елеулі қадамдар жасап, халықаралық аренада өз орнын нықтай түсуде.
Біз сенеміз: ең жарқын жеңістеріміз әлі алда. Бұл жолда біз тек Сіздермен бірге – жанкүйерлермен, жас таланттармен, кәсіби ойыншылармен, жаттықтырушылармен, төрешілермен, ардагерлермен және футболға шын берілген барша жанмен бірге ғана жетеміз.
Ақтау қаласының олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебі осы айтулы күнмен барша футбол сүйер қауымды шын жүректен құттықтайды!
Баршаңызға жарқын жеңістер, әсерлі ойындар мен ұмытылмас эмоциялар тілейміз! Бізге осындай қуаныш сыйлайтын ұлы ойын – ФУТБОЛ жасай берсін!
Құрметпен,
Жамбыл Бисенкулов
Футбол бойынша ОРМБЖМ басшысы

25 апреля – День вступления Казахстана в европейскую футбольную семью!
Сегодня футбольная общественность страны отмечает важную дату — день, когда Казахстан стал частью европейской футбольной семьи. Именно 25 апреля 2002 года на 26-м Конгрессе УЕФА в Стокгольме наша страна была официально принята в состав Европейского союза футбольных ассоциаций (УЕФА).
С этого дня началась новая глава в истории развития самого популярного вида спорта в Казахстане. За прошедшие годы казахстанский футбол сделал значительный шаг вперёд и продолжает уверенно двигаться вперёд, укрепляя свои позиции на международной арене.
Мы уверены: все самые громкие победы ещё впереди. И достичь их мы сможем только вместе с вами — болельщиками, юными талантами, профессиональными игроками, тренерами, арбитрами, ветеранами и всеми, кто преданно любит футбол.
Спортивная детско-юношеская школа олимпийского резерва города Актау поздравляет всех, кто причастен к этому замечательному событию!
Желаем спортивных побед, ярких матчей и незабываемых эмоций, которые дарит нам великая игра — ФУТБОЛ!
С уважением,
Руководитель СДЮШОР по футболу
Жамбыл Бисенкулов