ТІКЕЛЕЙ ЭФИР!

16 шілде күні Жолбаян радиосының (104,6 FM) тікелей эфирінде ОРМБЖМ футбол мектебінің жаттықтырушылары қонақта болды.

Футбол мектебінің аға бапкері – Кушанов Мэлс және ОРМБЖМ -2009 командасының жаттықтырушысы – Боранбаев Данияр (Қазақстан чемпионы – 2025 жыл) радиожүргізушінің сұрақтарына жауап берді.

Ақтау қаласының 2009 жылы туған футбол мектебі командасын 2025 жылғы Қазақстан чемпионы атануымен тағы бір құттықтады.

Мектептің құрылу тарихын еске алып, ОРМБЖМ-дан түлеп ұшқан ойыншыларды ерекше атап өтті:

Мурат Суюмагамбетов – Қазақстан чемпионы атанып, ұлттық құрамада ойнаған;

Талгат Сабалаков – ұлттық құрама сапында Уэмбли алаңында Бекхэмге қарсы ойнаған;

Нұралы Әліп – 2011 жылы ОРМБЖМ құрамында Қазақстан жүлдегері атанып, бүгінде Қазақстан құрамасы мен Санкт-Петербургтің «Зенит» командасының ойыншысы.

Көптеген сұрақтар қойылды, бірақ ең маңыздысы – бұл мектептің тарихы жалғасуда. Сондықтан, футболмен айналысқысы келетін барлық ұл-қыздарды қыркүйек айында Ақтау қаласының футбол мектебіне шақырамыз!

ТІКЕЛЕЙ ЭФИР

ТІКЕЛЕЙ ЭФИР

ТІКЕЛЕЙ ЭФИР

16 июля на радио Жолбаян (104,6 FM) состоялся прямой эфир с тренерами футбольной школы СДЮШОР.

Старший тренер футбольной школы – Кушанов Мэлс, и Боранбаев Данияр – тренер команды СДЮШОР-2009, Чемпион Казахстана 2025 года ответили на вопросы ведущей радиостанции.

Поздравили еще раз команду футбольной школы города Актау 2009г.р., которая стала Чемпионом Казахстана 2025 года.

Вспомнили историю становления школы и отметили игроков, которые начинали в СДЮШОР:

Мурат Суюмагамбетов становился чемпионом Казахстана и был игроком национальной сборной;

Талгат Сабалаков был игроком национальной сборной и играл на Уэмбли против Бекхема;

Нуралы Алип в 2011 году становился призером Казахстана в составе СДЮШОР, а ныне игрок сборной Казахстана и питерского «Зенита».

Было много еще много вопросов, но, главное – история школы продолжается. И поэтому, всех мальчишек и девчонок, желающих заниматься футболом, приглашаем в сентябре в футбольную школу города Актау.

Поделиться в соцсетях:
Facebook
VK
WhatsApp
Telegram
OK

Другие новости