ОРМБЖМ – спортшылар денсаулығының сақшысы!
Футбол – бұл тек ойын ғана емес, әрбір спортшының денсаулығына деген үлкен жауапкершілік.
Футбол мектебінде Ақтау қаласындағы №1 емхананың мейіргер-нұсқаушылары Нұржанова Динара мен Кобенова Айдана жаттықтырушыларға арналған футбол алаңында алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша теориялық дәріс өткізді.
Мамандар соғылу мен жарақаттар кезінде қалай әрекет ету керектігін, басынан соққы алған жағдайда не істеу қажет екенін, қашан тыныштық беріп, ойыншының жағдайын бақылау керектігін жан-жақты түсіндірді.
Сондай-ақ суықпен емдеу (спрей-мұздатқыш) тәсілдерін қолдану, мүсәтір спиртін пайдалану және төтенше жағдайлардағы нақты әрекет алгоритмдері талқыланды.
Мұндай білімдер жедел әрі дұрыс әрекет етуге, асқынулардың алдын алуға және футболшылардың денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Ойыншылардың қауіпсіздігі мен денсаулығы – футбол мектебінің басты басымдығы!
СДЮШОР – на страже здоровья спортсменов!
Футбол – это не только игра, но и большая ответственность за здоровье каждого спортсмена.
В футбольной школе медсестры-инструкторы поликлиники №1 города Актау Нуржанова Динара и Кобенова Айдана провели для тренеров теоретическую лекцию по оказанию первой помощи на футбольном поле.
Специалисты подробно разобрали, как действовать при ушибах и травмах, что делать при ударах головы, когда необходим покой и наблюдение за состоянием игрока.
Отдельно обсудили правила применения холодовой терапии (спрей-заморозка), использование нашатырного спирта и чёткие алгоритмы действий в экстренных ситуациях.
Такие знания помогают быстро среагировать, снизить риск осложнений и сохранить здоровье футболистов.
Безопасность и здоровье игроков – главный приоритет футбольной школы!




