Меморандум

Умирзак ауылының әкімі, футбол мектебі және №26 жалпы білім беретін мектеп арасында балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға және мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат оқу-жаттығу процесін бірлесіп ұйымдастыруды, спорттық іс-шаралар өткізуді және оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасауды көздейді. Ерекше назар мектеп оқушылары арасында футболды насихаттауға және болашағы зор спортшыларды ерте кезеңнен анықтауға аударылатын болады.

Ынтымақтастық тараптардың инфрақұрылымдық және кадрлық ресурстарын тиімді пайдалануға, сондай-ақ балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи тәсілдерін енгізуге мүмкіндік береді. Мектеп оқушылары үшін бұл спортпен айналысуға және түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысуға қосымша мүмкіндіктер ашады. Ал акимат өз кезегінде әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдап, ауылдағы спорт мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

Алдағы уақытта тараптар бірлескен жобаларды кеңейтіп, өңірлік және республикалық жарыстарға қатысуды, сондай-ақ жас футболшыларды даярлаудың тұрақты жүйесін қалыптастыруды жоспарлап отыр.

Меморандумға қол қойғандар: Жамбыл Бисенкулов (ОРМБЖМ басшысы), Бисенғали Кенжалиев (Умирзак ауылының әкімі), Зульфия Кдырбаева («№26 жалпы білім беретін мектеп» басшысы).

Между футбольной школой, акиматом села Умирзак и общеобразовательной школой №26 подписан меморандум о сотрудничестве, направленный на развитие детско-юношеского спорта и укрепление взаимодействия между учреждениями.

Документ предусматривает совместную работу по организации тренировочного процесса, проведению спортивных мероприятий и созданию условий для всестороннего развития учащихся. Особое внимание будет уделено популяризации футбола среди школьников и выявлению перспективных спортсменов на ранних этапах.

Сотрудничество позволит эффективно использовать инфраструктуру и кадровые ресурсы сторон, а также внедрять современные подходы к обучению и воспитанию детей. Для учащихся школы это открывает дополнительные возможности для занятий спортом и участия в соревнованиях различного уровня. Акимат, в свою очередь, сможет поддерживать социально значимые инициативы и развивать спортивную культуру в селе.

В перспективе стороны планируют расширение совместных проектов, участие в региональных и республиканских турнирах, а также формирование устойчивой системы подготовки молодых футболистов.

Меморандум подписали: Жамбыл Бисенкулов (руководитель СДЮШОР), Бисенгали Кенжалиев (аким села Умирзак), Зульфия Кдырбаева (руководитель «Общеобразовательная школа №26»).

Поделиться в соцсетях:
Facebook
VK
WhatsApp
Telegram
OK

Другие новости