Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ОРМБЖМ жаттықтырушылары жас футболшылармен кездесу өткізіп, қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі мен ерліктері туралы әңгімеледі.
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО құрамында болғандықтан, 1941 жылғы 22 маусымда нацистік Германияның Кеңес Одағына басып кіруімен соғысқа кірісті. Қызыл Армия қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылды, бұл сан КСРО армиясында бұрыннан қызмет етіп жүрген 178 мың адамды толықтырды. Олардың 600 мыңнан астамы майдан даласында қаза тапты. Қазақстан жауынгерлері барлық шайқастарға қатысты. 100 мыңнан астам қазақстандық Кеңес Одағының жауынгерлік ордендері мен медальдарымен марапатталды, 500-ден астамы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Олардың арасында пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұлова сияқты қазақ қыздары да бар.
Қазақстандық төрт әскери ұшқыш — Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі мәрте ие болды.
1945 жылғы 30 сәуірде қазақстандық лейтенант Рахымжан Қошқарбаев пен ресейлік қатардағы жауынгер Григорий Булатов алғашқылардың бірі болып Рейхстаг ғимаратына Жеңіс туын тікті.
1945 жылғы тамыз-қыркүйек айларында Қазақстан сарбаздары Қиыр Шығыста нацистік Германияның одақтасы – Жапонияның Квантун армиясын талқандауға белсенді қатысты.
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев атап өткендей: «Қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесі айқын болды. Қазақстан армияны жабдықтауда шешуші рөл атқарды деуге болады. 10 оқтың 9-ы — қазақстандық қорғасыннан құйылған. Біз майданға 1500 вагон киім-кешек пен азық-түлік жөнелттік».
Қазақстан халқы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды әрдайым есте сақтайды және халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты жақтай береді.




Чтобы знали! Чтобы помнили!
Накануне праздников Дня защитника Отечества и 80-летия победы в Великой Отечественной войне, тренеры СДЮШОР провели беседу с юными футболистами о вкладе и подвигах казахстанцев в Великую Победу.
Казахстан в годы Великой Отечественной войны являлся частью СССР, поэтому вступил в войну с момента вторжения армии нацистской Германии на территорию Советского Союза 22 июня 1941 года.
В ряды Красной Армии было призвано 1 миллион 200 тысяч казахстанцев в дополнение к 178 тысячам служивших в армии СССР. Более 600 тысяч из них погибло на фронтах войны. Воины Казахстана принимали участие во всех сражениях. Боевыми орденами и медалями СССР были награждены свыше ста тысяч воинов из Казахстана, более 500 человек удостоены звания Героя Советского Союза. Среди них казахские девушки — пулемётчица М. Маметова и снайпер А. Молдагулова.
Четыре казахстанских военных летчика — Талгат Бигельдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский дважды были удостоены звания Героя Советского Союза.
30 апреля 1945 года казахстанец лейтенант Рахимжан Кошкарбаев и россиянин рядовой Григорий Булатов в числе первых прикрепили красный флаг Победы к зданию Рейхстага.
В августе-сентябре 1945 года казахстанские солдаты на Дальнем Востоке приняли активное участие в разгроме Квантунской армии Японии — союзницы нацистской Германии.
Как отметил Президент Казахстана К. Токаев «Вклад казахстанцев в победу был очевиден. Можно сказать, что Казахстан сыграл ключевую роль в снабжении армии. 9 из 10 пуль были отлиты из казахстанского свинца. Мы направили на фронт 1500 вагонов одежды и продуктов питания».
Народ Казахстана чтит память о погибших в Великой Отечественной войне, и всегда будет выступать за мир и дружбу между народами.




