Футбол мектебінің тәрбиеленушілері халықаралық кинофестивальдің қызыл кілемінде!

Ақтау қаласының футбол мектебінің тәрбиеленушілері халықаралық кинофестивальге қатысты.

Ақтауда түркі халықтарының «Қорқыт ата» халықаралық кинофестивалі өтіп жатыр. Бағдарламада Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзербайжан және Венгрия делегацияларының түрлі жанрдағы фильмдері көрсетілуде.

Фестивальдің алғашқы күнінде жас футболшылар бапкері Шахидола Басықарамен бірге Түркиядан келген шығармашылық топпен кездесіп, қазақстандық «Патриоттар уақыты» фильміне барды. Фильм оқиғалары негізінен Маңғыстау облысының аумағында өрбиді. Қазақстан армиясының әскери қызметкерлері Батыс Қазақстан аумағында іріткі салумен айналысқан Таяу Шығыстан шыққан қастандық топтарына қарсы күрес жүргізеді.

Фильм аяқталған соң көрермендер актер Дастен Шакировпен @dastenshakirov кездесті. Ол «Рэкетир-2», «Мың бала әскері», «Бауыржан Момышұлы» телесериалы және басқа да фильмдердегі рөлдерімен танымал.

@sdushor.aktau.kz футбол мектебінің тәрбиеленушілері оқу, жаттығу мен мәдени шараларға қатысуға уақыт табады!

Воспитанники футбольной школы города Актау посетили международный кинофестиваль.

В Актау проходит международный кинофестиваль тюркских стран «Қорқыт ата». В программе показы фильмов разных жанров от делегаций Казахстана, Турции, Узбекистана, Кыргызстана, Туркменистана, Азербайджана и Венгрии.

В первый день фестиваля юные футболисты вместе с тренером Шахидолой Басыкара встретились с творческой группой из Турции, а также посетили показ казахстанского фильма «Время патриотов». Действия фильма в основном происходят на территории Мангистауской области. Военные казахстанской армии ведут борьбу против заговорщиков из Ближнего Востока, которые ведут подрывную деятельность на территории Западного Казахстана.

По окончании фильма состоялась встреча с актером Дастеном Шакировым @dastenshakirov. Он известен по фильмам «Рэкетир-2», «Войско Мын Бала», сериал «Бауржан Момышулы» и другим.

Воспитанники футбольной школы @sdushor.aktau.kz находят время для учебы, тренировок и посещения культурных мероприятий!

Поделиться в соцсетях:
Facebook
VK
WhatsApp
Telegram
OK

Другие новости