Ақтау қаласында «Намыс» спорт және дене шынықтыру ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтіп, өңірдің спорт саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға «Қазақстан Республикасының спорт ардагері» куәліктері мен төсбелгілері тапсырылды.
Іс-шараның басты мақсаты — Маңғыстау облысында дене шынықтыру мен спорттың өркендеуіне еңбек сіңірген ардагерлерге құрмет көрсету, олардың көпжылдық еңбегін бағалау және кейінгі буынға өнеге ету.
Салтанатты жиында спорт ардагерлері мен сала мамандарына алғыс білдіріліп, олардың өңір спортының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі ерекше атап өтілді.
Марапатталғандардың қатарында ОРМБЖМ футбол мектебінің жаттықтырушылары – Геннадий Иванович Толстокоров пен Мэлс Амантаевич Кушанов бар.
Жаттықтырушыларымызды шын жүректен құттықтап, оларға зор денсаулық, толағай табыстар және спорт саласындағы ұзақ ғұмыр тілейміз!
В городе Актау состоялось торжественное мероприятие, организованное общественным объединением «Ветераны спорта и физической культуры „Намыс“, в ходе которого гражданам, внесшим значительный вклад в развитие спортивной отрасли региона, были вручены удостоверения и нагрудные знаки «Ветеран спорта Республики Казахстан».
Главной целью мероприятия стало выражение уважения ветеранам, посвятившим многие годы развитию физической культуры и спорта в Мангистауской области, признание их заслуг и популяризация их жизненного пути как примера для подрастающего поколения.
В ходе торжественной встречи ветеранам спорта и специалистам отрасли были выражены слова благодарности. Особо отмечен их весомый вклад в становление и развитие спорта региона.
В числе награжденных были тренеры СДЮШОР – Геннадий Иванович Толстокоров и Мэлс Амантаевич Кушанов.
Поздравляем наших тренеров и желаем им спортивного долголетия!




