Күзгі футбол турнирі

Футбол мектебінде күзгі демалыс кезінде ОРМБЖМ-дың 2017 жылы туған тәрбиеленушілері арасында мини-футболдан турнир өтті.

Бұл жарыстың ерекшелігі – бірінші күні ойындар паркетте, ал екінші күні – жасыл алаңда өтті. Бұл жас футболшыларға әртүрлі жабындарда өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, алғашқы таймда командаларға бір жаттықтырушы нұсқау берсе, екінші таймда ойыншыларға басқа жаттықтырушы тапсырма жүктеді. Осылайша, турнир барысында екі жаттықтырушы – Сагадат Идрисов пен Амандық Назар барлық ойыншылармен жұмыс істеді!

Жас футболшылар жарысқа қатысу үшін төрт командаға бөлініп, оларға мынадай атаулар берді: «Реал-Мадрид», «Манчестер Юнайтед», «Қайрат» және «Жолбарыс».

Матч нәтижелері:

1 тур

Қайрат – Манчестер Юн. – 4:5

Жолбарыс – Реал-Мадрид – 2:0

2 тур

Қайрат – Жолбарыс – 2:2

Манчестер Юн. – Реал-Мадрид – 3:3

3 тур

Қайрат – Реал-Мадрид – 2:3

Манчестер Юн. – Жолбарыс – 4:2

Жарыс қорытындысы:

1 орын: Манчестер Юн.

2 орын: Жолбарыс

3 орын: Қайрат және Реал-Мадрид

 

ОРМБЖМ-дың 2017 жылы туған тәрбиеленушілері арасында өткен мини-футбол турнирінің үздік ойыншылары.

Үздік қақпашы – Рафаил Нурислам

Үздік қорғаушы – Даримбек Даулет

Үздік шабуылшы – Сырымбек Махди

Турнирдің үздік ойыншысы – Ризабеков Рахат

Марапаттау рәсіміне футбол бойынша мамандандырылған спорттық жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің негізгі қызмет жөніндегі директордың орынбасары Берди Ельджанов қатысты.

Ойыншыларға сыйлық ретінде қақпашы қолғаптары, доптар және әлемдік футбол жұлдызының формасы табысталды.

Жаттықтырушылар ата-аналарға және @fint.kz дүкеніне жарысты ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс білдіреді.

В футбольной школе во время осенних каникул прошел турнир по мини-футболу среди воспитанников СДЮШОР 2017 года рождения.

Отличительной чертой соревнований стало то, что в первый день игры проходили на паркете, а во второй день – на газоне. Это позволило юным футболистам продемонстрировать свои навыки на разных покрытиях. А еще, команды начинали игру под руководством одного тренера, а второй отрезок встречи игрокам установку давал другой тренер. Таким образом, тренеры – Сагадат Идрисов и Амандык Назар во время турнира поработали со всеми игроками!

Юные футболисты на время соревнований разделились на четыре команды и дали им названия: Реал-Мадрид, Манчестер Юнайтед, Кайрат и Жолбарыс.

Результаты матчей:

1 тур

Кайрат — Манчестер Юн. — 4:5

Жолбарыс — Реал-Мадрид — 2:0

2 тур

Кайрат — Жолбарыс — 2:2

Манчестер Юн. — Реал-Мадрид — 3:3

3 тур

Кайрат — Реал-Мадрид — 2:3

Манчестер Юн. — Жолбарыс — 4:2

Места распределились следующим образом:

1 место: Манчестер Юн.

2 место: Жолбарыс

3 место: Кайрат и Реал-Мадрид.

Лучшие игроки турнира по мини-футболу среди воспитанников СДЮШОР 2017 года рождения.

Лучший вратарь – Рафаил Нурислам

Лучший защитник – Даримбек Даулет

Лучший нападающий – Сырымбек Махди

Лучший игрок – Ризабеков Рахат

В награждении принял участие Берди Ельджанов, заместитель директора по основной деятельности специализированной детско-юношеской школы олимпийского резерва по футболу.

В качестве подарков игроки получили перчатки, мячи и форму звезды мирового футбола.

Тренера выражают благодарность родителям и магазину @fint.kz за помощь.

Поделиться в соцсетях:
Facebook
VK
WhatsApp
Telegram
OK

Другие новости