Салауатты өмір салты – әрекетте!

Ақтау қаласының футбол мектебінің тәрбиеленушілері 23 сәуір – Халықаралық үстел теннисі күнін атап өтіп, маңғыстаулық спортшыларды қолдады.

Бұл күні үстел теннисі әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлерді біріктіріп, бұл спорт түрінің әр адамға қолжетімді екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

ОРМБЖМ-2014 командасының жас ойыншылары командасының жас ойыншылары (жаттықтырушы — Құшанов Шыңғыс, аға жаттықтырушы — Құшанов Мәліс) өздеріне жаңа спорт түрінде күш сынап көрді. Ойын басталмас бұрын балаларға Ақтау қалалық теннис бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Жоламан Өтен нұсқаулық беріп, ережелер мен негізгі соққыларды таныстырды.

Одан кейін ойын басталып, шынайы қызық пен шаттыққа ұласты! Жас футболшылардың үстел теннисіне деген қызығушылығы олардың бұл спортты тез меңгеріп, оны ұнатып қалғанын көрсетті. Бұл – үстел теннисінің жай ғана спорт емес, түрлі жастағы және әлеуметтік топтағы адамдарды біріктіретін қызықты әрі табысқа жетелейтін жол екенін дәлелдейді.

Здоровый образ жизни хорош в любых проявлениях!

Воспитанники футбольной школы города Актау поддержали мангистауских спортсменов, отметив 23 апреля — Международный день настольного тенниса.

В этот день настольный теннис объединяет всех своих поклонников во всех уголках земного шара и демонстрирует, что является поистине видом спорта для всех и каждого.

Игроки команды СДЮШОР-2014 (тренер Кушанов Шынгыс и старший тренер Кушанов Мэлс) попробовали свои силы в настольном теннисе. Перед играми юных футболистов проинструктировал тренер по настольному теннису «ДЮСШ по теннису города Актау» Жоламан Өтен. Он рассказал о правилах и основных ударах.

После — наступило время азарта и мальчишеского веселья, еще раз подчеркнув, что настольный теннис — это не просто спортивная дисциплина. Это увлекательный путь к успеху, который объединяет людей всех возрастов и социальных групп.

Поделиться в соцсетях:
Facebook
VK
WhatsApp
Telegram
OK

Другие новости