Футболдан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінде педагогикалық кеңестің отырысы өтті.
Кеңес барысында жаңа кезеңдегі оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру мәселелері қаралды. Атап айтқанда, жаттықтырушылар құрамы арасында оқу топтары мен жұмыс сағаттарын бөлу, сондай-ақ мектеп жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған өзекті міндеттер талқыланды.
Жаттықтырушылардың кәсіби дамуына да ерекше көңіл бөлінді. Астана қаласындағы бейінді орталықта біліктілікті арттыру және арнайы оқу курсынан өту мүмкіндігі қарастырылды.
Жаттықтырушылар құрамының кәсіби біліктілігін тұрақты арттыру, тәжірибе алмасу және спортшыларды даярлау әдістемелерін жетілдіру – жас спортшылардың табысты дамуы мен жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуінің маңызды құрамдас бөлігі.
В специализированной детско-юношеской школе олимпийского резерва по футболу состоялось заседание педагогического совета.
В центре внимания – вопросы организации учебно-тренировочного процесса на новый период. Участники совета обсудили распределение учебных групп и рабочих часов среди тренерского состава, а также текущие задачи по совершенствованию работы школы.
Отдельное внимание было уделено профессиональному развитию тренеров. Рассмотрена возможность повышения квалификации и прохождения специализированного обучения в профильном центре в Астане.
Постоянное развитие тренерского состава, обмен опытом и совершенствование методик подготовки – важная составляющая успешного развития юных спортсменов и достижения ими высоких спортивных результатов.




