Шілде айының соңында футбол мектебіміздің 2017 жылы туған командасы «Жазғы Кубок» турниріне екі құраммен қатысып, мектебімізде талантты әрі болашағынан зор үміт күттіретін футболшылар өсіп келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Командаларымыздың бірі турнир бойы сенімді ойын көрсетіп, мінезі мен жеңіске деген жігерінің арқасында финалға дейін жетті.
Команда көрсеткіші: 5 матч, 12 гол соқты, бар болғаны 2 гол жіберіп алды. Оның екеуі де тек финалда соғылды.
Финалдық кездесу соңғы секундқа дейін жанкүйерлерді ерекше толқыныста ұстады. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмағандықтан, чемпион тағдыры пенальти сериясында шешілді. Бұл жолы сәттілік қарсылас командаға бұйырды.
Күміс жүлде – тоқтап қалуға себеп емес. Керісінше, бұл команданың бүгіннің өзінде ең жоғары орындар үшін күресуге қабілетті екенін көрсететін маңызды нәтиже.
Жас футболшыларымызға алаңдағы жанкештілігі үшін, жаттықтырушылар штабы Сағадат Идрисов пен Амандық Назарға атқарған зор еңбектері үшін, сондай-ақ турнирдің әр кезеңінде қолдау көрсеткен ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз.
ОРМБЖМ-2017 құрамындағы турнирдің үздік ойыншысы болып Жәнібек Жан танылды.
Біз жұмысымызды жалғастырамыз. Күн сайын дамып, күшейе түсеміз!
Тек алға!
Сразу двумя составами команда нашей футбольной школы 2017 года рождения в конце июля приняла участие в турнире «Жазғы Кубок», еще раз доказав: у нас растет сильное поколение футболистов.
Один из составов уверенно прошел весь турнирный путь и вышел в финал, показывая зрелый футбол, характер и желание побеждать в каждом матче.
Итоги команды: 5 матчей. 12 забитых мячей. Всего два пропущенных – и оба только в финале.
Финальный матч держал в напряжении до последней секунды. Победителя не удалось определить в основное время, а судьбу чемпионского титула решила серия пенальти. На этот раз удача улыбнулась сопернику.
Серебро – это не повод останавливаться. Это подтверждение того, что команда уже сегодня способна бороться за самые высокие места.
Спасибо нашим юным футболистам за самоотдачу, тренерскому штабу (Сагадат Идрисов, Амандык Назар) – за огромную работу, а родителям – за поддержку на каждом этапе турнира.
Лучшим игроком турнира в составе СДЮШОР-2017 признан Жанибек Жан.
Мы продолжаем работать. Продолжаем расти!
Вперед, только вперед!




