Маңғыстау облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер футбол мектебінің 2014 жылы туған ойыншылардан құралған командасы Қазақстан чемпионатында 6-орынға ие болды.
Қорытынды орын үшін өткен кездесуде жерлестеріміз Жамбыл облысының командасымен кездесті. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды (голдың авторы – Оразалыұлы Дияр). Жеңімпаз матчтан кейінгі пенальти сериясында анықталып, бұл жолы қарсылас команда басым түсті.
Турнир барысында біздің команда еліміздің үздік футбол мектептерімен тең дәрежеде бәсекелесіп, ұйымшыл ойын, жігер және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.
Турнирдің топтық кезеңінде Маңғыстау облысының құрамасы Шымкент қаласының, Павлодар, Ақтөбе және Түркістан облыстарының командаларымен кездесті.
СДЮШОР-2014 командасы топтық кезеңде төрт матч өткізді. Нәтижесінде 2 жеңіске жетіп, 1 ойында тең түсіп, 1 рет жеңіліс тапты. Доп айырмасы – 4:3. Команда 7 ұпай жинады.
Команда ойыншыларына, жаттықтырушылар құрамына, ата-аналарға және чемпионат барысында қолдау білдірген барша жанкүйерлерге алғысымызды білдіреміз.
Жасөспірімдер құрамалары арасындағы Қазақстан чемпионаты 2–11 шілде аралығында Павлодар қаласында өтті.
Жас футболшыларымызды лайықты нәтижемен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!
Команда Мангистауской областной специализированной детско-юношеской футбольной школы олимпийского резерва, составленная из игроков 2014 года рождения, заняла 6-е место на чемпионате Казахстана.
В матче за итоговое место наши футболисты встретились с командой Жамбылской области. Основное время завершилось вничью — 1:1 (автор гола — Дияр Оразалыулы). Победитель определился в серии послематчевых пенальти, где на этот раз удача оказалась на стороне соперника.
На протяжении всего турнира наша команда на равных соперничала с сильнейшими футбольными школами страны, продемонстрировав сплоченную игру, бойцовский характер и стремление к победе.
На групповом этапе турнира сборная Мангистауской области встречалась с командами города Шымкента, Павлодарской, Актюбинской и Туркестанской областей.
Команда СДЮШОР-2014 провела на групповом этапе четыре игры. В активе – 2 победы, 1 ничья, 1 поражение. Разность голов – 4:3. Набрано 7 очков.
Выражаем искреннюю благодарность игрокам команды, тренерскому штабу, родителям и всем болельщикам, которые поддерживали команду на протяжении чемпионата.
Чемпионат Казахстана среди юношеских команд проходил со 2 по 11 июля в городе Павлодаре.
Поздравляем наших юных футболистов с достойным результатом и желаем им новых успехов и ярких побед в предстоящих соревнованиях!




