ОРМБЖМ-2014 тәрбиеленушілері көру қабілеті бұзылған жандарды қолдауға арналған ерекше спорттық акция өткізді.

ОРМБЖМ-2014 тәрбиеленушілері көру қабілеті бұзылған жандарды қолдауға арналған ерекше спорттық акция өткізді.

15 қазан – Халықаралық ақ таяқ күні.

Жас футболшылар көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған командалық спорт түрі – голбол ойынын сынап көрді. Бұл ойында футболдағы үйреншікті бағдарлар жоқ: ойыншылар арнайы көзбаумен ойнап, ішіне қоңыраулар орнатылған доптың дыбысы арқылы оның қозғалысын анықтайды.

Қақпаны қорғап, шабуыл жасау үшін жоғары зейін, жылдам реакция және командалық үйлесімділік қажет. Балалар үшін бұл көру қабілетінсіз әлемді қабылдаудың қаншалықты өзгеше екенін аз да болса сезінуге мүмкіндік болды.

Алайда акцияның басты мақсаты спорттық нәтиже емес еді. Ол жас футболшыларға көру қабілеті бұзылған адамдардың күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарын тереңірек түсінуге, қолдаудың, құрмет пен тең мүмкіндіктердің маңызын ұғынуға көмектесті.

Спорт тек чемпиондарды ғана емес, өзгенің жағдайын түсініп, жанашырлық таныта білетін азаматтарды да тәрбиелейді. Кейде басқа адамды жақсырақ түсіну үшін көзді уақытша жұмып, айналадағы әлемнің үнін тыңдасаң жеткілікті.

P.S. Акцияны ұйымдастыруға көмектескен Маңғыстау облыстық мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубына алғыс білдіреміз!

Воспитанники СДЮШОР-2014 провели необычную спортивную акцию в поддержку незрячих людей.

15 октября – Международный день белой трости.

Юные футболисты попробовали себя в голболе – командной игре, созданной специально для людей с нарушениями зрения. Здесь нет привычных футбольных ориентиров: игроки в специальных повязках следят за мячом на слух благодаря встроенным колокольчикам.

Чтобы защитить ворота и атаковать, нужны концентрация, быстрая реакция и слаженная командная работа. Для ребят это стало возможностью хотя бы на короткое время почувствовать, насколько иначе воспринимается мир без зрения.

Но главная цель акции заключалась не в спортивном результате. Она помогла юным футболистам лучше понять трудности, с которыми сталкиваются незрячие люди, и важность поддержки, уважения и равных возможностей.

Спорт воспитывает не только чемпионов, но и людей, способных сопереживать. Иногда, чтобы лучше понять другого человека, достаточно на время закрыть глаза и прислушаться к миру вокруг.

P.S. Благодарим Мангистауский областной клуб инвалидного спорта за помощь в проведении акции.

 

Поделиться в соцсетях:
Facebook
VK
WhatsApp
Telegram
OK

Другие новости