Ақтауда Сарсенбек Кельджановты еске алуға арналған республикалық жасөспірімдер арасындағы футбол турнирі аяқталды.
Қыркүйек айының соңғы онкүндігінде Ақтауда Сарсенбек Кельджановты еске алуға арналған футболдан XXIII республикалық турнирдің ойындары өтті. «Жас Қанат» стадионында ұйымдастырылған жарысқа сегіз команда қатысты.
Алдын ала кезеңде командалар екі топқа бөлінді. Топтық ойындардың қорытындысы бойынша әр топтан үздік шыққан екі команда жүлделі орындар үшін күресті жалғастырса, қалған қатысушылар жұбаныш финалында бақ сынады.
Алғашқы жартылай финалда «Каспий-2014» командасы «BS» командасын 9:1 есебімен сенімді түрде жеңді. Екінші жартылай финалда ОРМБЖМ-2014 командасы «Каспий-2015» командасынан 2:0 есебімен басым түсті.
Финалдық кездесуде «Каспий-2014» пен ОРМБЖМ -2014 командаларының тартысы нағыз футбол драмасына айналып, жанкүйерлерді соңғы минутқа дейін алаңдатты. Бірінші таймда «Каспий» ойыншылары алыстан соққы жасап, есеп ашты. Екінші таймның ортасында футбол мектебінің командасы жылдам қарсы шабуыл ұйымдастырып, есепті теңестірді — 1:1.
Матч пенальти сериясына ұласады деп күткен сәтте Қоныс есімді ойыншы қақпа маңдайшасының астына дәл соққы жасап, екінші голды соқты. Осылайша ОРМБЖМ -2014 командасына 2:1 есебімен жеңіс сыйлады.
ОРМБЖМ -2014 — 2026 жылғы Сарсенбек Кельджановты еске алуға арналған республикалық турнирдің чемпионы!
Марапаттау рәсімінде Сарсенбек Кельджановтың отбасы атынан әр командадағы үздік ойыншыларға арнайы сыйлықтар табысталды.
ОРМБЖМ -2015 командасының ойыншысы Ерасыл Тұрсынғалиев өз командасының үздік ойыншысы ретінде Сарсенбек Кельджановтың отбасы атынан сыйлық алды.
ОРМБЖМ -2014 командасының ойыншысы Нұрасыл Айдарбек те өз командасының үздік ойыншысы атанып, арнайы сыйлықпен марапатталды.
Турнирдің жеке номинациялары бойынша:
- Үздік қорғаушы — Мағжан Жамаладин, ОРМБЖМ — 2014.
- Үздік шабуылшы — Абдурахман Сақтап, ОРМБЖМ — 2014.
Айта кетейік, әр жылдары бұл турнирдің жеңімпаздары қатарында Ташкенттің «Бунедкор» командасы, Қазақстанның U-16 құрамасы, сондай-ақ Атырау, Қызылорда, Орал және Ақтау қалаларының командалары болды.
Турнир нәтижелері
ОРМБЖМ -2014 — Басқұдық ДЮСШ: 8:0 (4:0)
ОРМБЖМ -2014 — «Каспий-2014»: 0:0
ОРМБЖМ -2014 — Қарақия ДЮСШ: 5:0 (0:0)
ОРМБЖМ -2014 — «Каспий-2015»: 2:0 (0:0)
Финал: ОРМБЖМ -2014 — «Каспий-2014»: 2:1 (0:1)
Анықтама
Сарсенбек Көшкелдиевич Кельджанов (1957–2003) — қазақстандық белгілі футбол жаттықтырушысы әрі ұйымдастырушы, Маңғыстау футбол жүйесінің негізін қалаушылардың бірі. 1980-жылдардан бастап балалар футболын дамытуға үлес қосып, «Мұнайшы» футбол мектебінің құрылуына атсалысты. Облыстың спорт саласындағы мекемелерінде және Қазақстанның кәсіби футбол клубтарында қызмет атқарды. Әр жылдары «Мұнайшы», «Намыс», «Маңғыстау» командалары мен «Каспий» футбол клубында жаттықтырушы болды. 1996 жылы оның жетекшілігімен «Мұнайшы» Қазақстанның Жоғары лигасына жолдама алды. Өмірінің соңғы жылдарын «Каспий» футбол клубына арнады. Бүгінде Сарсенбек Кельджановтың есімі Маңғыстауда жыл сайын өткізілетін балалар мен жасөспірімдер арасындағы футбол турнирі арқылы ұлықталып келеді.












В Актау завершился Республиканский юношеский турнир по футболу памяти Сарсенбека Кельджанова.
В последнюю декаду сентября в Актау проходили игры 23-го Республиканского турнира по футболу памяти Сарсенбека Кельджаного. В соревнованиях, проводимых на стадионе «Жас Канат» принимало участие восемь команд.
На предварительном этапе участники были разделены на две группы. По результатам этих матчей, две лучшие команды из каждого квартета продолжали борьбу за призовые места, а оставшиеся участники играли в «утешительном финале».
В первом полуфинале команда «Каспий-2014» одержала уверенную победу над сверстниками из «BS» – 9:1. Во второй игре СДЮШОР-2014 переиграл со счетом 2:0 «Каспий-2015».
Главный матч турнира, «Каспий-2014» – СДЮШОР-2014 – соответствовал футбольной драматургии финала, и держал в напряжении болельщиков до последней минуты. В первом тайме счет в игре дальним ударом открыли игроки «Каспия». В середине второго тайма, в результате быстрой контратаки команда футбольной школы восстановила равновесие – 1:1.
Когда уже все мысленно готовились к серии пенальти, игрок Коныс, ударом под перекладину забивает второй гол, и приносит победу команде СДЮШОР-2014 – 2:1.
СДЮШОР-2014 – Чемпионы Республиканского турнира памяти Сарсенбека Кельджанова в 2026 году.
На церемонии награждения были вручены призы от семьи Сарсенбека Кельджанова лучшим игрокам в каждой команде.
Ерасыл ТУРСЫНГАЛИЕВ, СДЮШОР/2015, получил приз от имени семьи Сарсенбека Кельджанова, как лучший игрок в составе своей команды.
Нурасыл АЙДАРБЕК, СДЮШОР/2014, получил приз от имени семьи Сарсенбека Кельджанова, как лучший игрок в составе своей команды.
ЛУЧШИЙ ЗАЩИТНИК — Магжан ЖАМАЛАДИН, СДЮШОР/2014.
ЛУЧШИЙ НАПАДАЮЩИЙ — Абдурахман САКТАП, СДЮШОР/2014.
Кстати, в разные годы, победителями данного турнира становились команды «Бунедкор» (Ташкент), сб. Казахстана U-16, команды из городов Атырау, Кызылорда, Уральска, Актау.
Табло турнира:
СДЮШОР/2014 — ДЮСШ Баскудык — 8:0(4:0)
СДЮШОР/2014 — Каспий/2014 — 0:0
СДЮШОР/2014 — ДЮСШ Каракия — 5:0 (0:0)
СДЮШОР/2014 — Каспий/2015 — 2:0 (0:0)
ФИНАЛ. СДЮШОР/2014 — Каспий/2014 — 2:1 (0:1)
Справка.
Сарсенбек Кошкельдиевич Кельджанов (1957–2003) – известный казахстанский футбольный тренер и организатор, один из основателей футбольной системы Мангистау. С 1980-х годов занимался развитием детского футбола, участвовал в создании футбольной школы «Мунайшы», работал в спортивных органах области и профессиональных клубах Казахстана. В разные годы был тренером «Мунайшы», «Намыса», «Мангистау» и ФК «Каспий». В 1996 году «Мунайшы» под его руководством вышел в Высшую лигу Казахстана. Последние годы жизни посвятил ФК «Каспий». Память о Сарсенбеке Кельджанове сохраняется в Мангистау через ежегодный детско-юношеский турнир, носящий его имя.




